#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
20 ақпан
19 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(186)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1392)

Қазақстанда азық түлік өндірісі өсті

Қазақстанда азық түлік өндірісі өсті Фото: экараганда
«Казинформ»

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы тұрақты және серпінді даму траекториясын көрсетуде, деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысы барысында, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Министр атап өткендей, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 8,1% - ға жоғары (3,3 трлн теңге). Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,1 есеге өсіп, 389,4 млрд теңгеге жетті.

Қайта өңделген өнімнің экспорты 2025 жылдың 11 айында 3,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 33,8% - ға жоғары (2,4 млрд АҚШ доллары). Бұдан басқа, АӨК экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі бүгінде 52% -. құрайды.

"Мұның бәрі өндірісті әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі", — деді Айдарбек Сапаров.

Мәселен, өсімдік шаруашылығы саласында әлемдік нарықта жоғары рентабельді және сұранысқа ие дақылдарды өндіруге көшумен егіс алқаптарын дәйекті әртараптандыру жүргізілуде.

2025 жылдың қорытындысы бойынша майлы дақылдардың өнімі алғаш рет 4,9 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 48% - ға (3,3 млн тонна) артық. Күнбағыстың жалпы өнімі 39% - ға (1,8-ден 2,5 млн тоннаға дейін), зығыр 77% - ға (0,7-ден 1,3 млн тоннаға дейін), рапс 2,2 есе (0,3-тен 0,6 млн тоннаға дейін) өсті. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде