#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
25 сәуір
24 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(327)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1397)

Қазақстанда 4 млн "ақылды" электр есептегіші орнатылады

Қазақстанда 4 млн Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

Қазақстанда электр энергиясын есептеудің зияткерлік аспаптарын ауқымды енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BAQ.KZ

Оның айтуынша, бүгінгі күні төмен және орташа кернеу желілерінде автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен әлсіз қамту байқалады. Бұл мәселені шешу үшін энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы шеңберінде шаралар көзделген.

"Ұлттық жоба аясында төрт жыл ішінде 27 электрмен жабдықтау субъектісінде 4 млн "ақылды" есепке алу аспаптарымен жабдықтау жоспарлануда. Күтілетін нәтиже электр энергиясының нормативтік шығындарын азайту есебінен 57 млрд теңгеге бағаланады", - деді спикер.

Сонымен қатар, елімізде жылу энергиясын есепке алу жүйесін енгізу мәселесі қатар пысықталуда.

"Ұлттық жоба аясында жылу энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін кеңінен енгізу жоспарлануда. Жылумен жабдықтау объектілері мен ірі тұтынушылар қазірдің өзінде жабдықталған, бірақ негізгі алшақтық – магистральдық және тарату жылу желілерінде. Халықаралық тәжірибеге сәйкес кешенді есепке алу нәтижесінде жылу энергиясын үнемдеу 15% – ға жетеді", - деді Бақытжан Ілияс.

Жобаны іске асыру энергия ресурстарын есепке алудың ашықтығын арттыруға және елдің энергия жүйесіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде