#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
30 Наурыз
29 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(265)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

IT-мамандарды Қазақстанның Арнайы мемлекеттік органдарына қызметке тартуды жоспарлап отыр

IT-мамандарды Қазақстанның Арнайы мемлекеттік органдарына қызметке тартуды жоспарлап отыр Сурет: depositphotos.com
«Казинформ»

Бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске ілеспе түзетулер енгізілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралуда, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Депутат Болат Керімбек атап өткендей, заң жобасы депутаттар тобының бастамасымен әзірленді.

Оның айтуынша, түзетулердің мақсаты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

"Заң жобасы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған. Жалпы, заң жобасы 3 кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді", — деді Болат Керімбек.

Заң жобасының негізгі ережелеріне тоқтала отырып, депутат бүгінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында интернет-қылмысқа қарсы тиімді күрес ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Әрбір адамның дербес деректерінің, қаржысының және күнделікті цифрлық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте өзекті болып табылады. Ал осы міндеттерді тиімді іске асыру заманауи цифрлық құзыреттіліктері мен аналитикалық дағдылары бар жоғары білікті кадрларсыз мүмкін емес", — деп атап өтті ол.

Осы заң жобасына байланысты арнайы мемлекеттік органдарға қызметке IT саласындағы талантты жастар мен білікті мамандарды тарту тетігі ұсынылады.

Депутат атап өткендей, халықаралық тәжірибе IT-мамандарды тартуға икемді тәсілдерді қолдану мемлекеттік институттарға инновацияларды жылдам енгізуге және цифрлық дамудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде