#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
17 Наурыз
16 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(239)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жаңа нормалар қабылданады

Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жаңа нормалар қабылданады Сурет: depositphotos.com
«Казинформ»

Мәжіліс депутаттары еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Бейіндік комитеттің қорытындысында атап өтілгендей, Еңбек кодексінде мыналарға бағытталған жаңа нормалар көзделген:
 
  • еңбек заңнамасының қағидаттары мен кепілдіктерін еңбек саласындағы Ар намыс пен абыройды қорғау жөніндегі нормалармен толықтыру бөлігінде қызметкерлердің заңды мүдделерін сақтау;
  • әкімдіктердің өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерін бекіту;
  • еңбекке уақытша жарамсыздық немесе әлеуметтік демалыс кезеңімен сәйкес келген кезде соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібін нақтылау;
  • қызметкердің ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге жұмсаған уақытына ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде ақы төлеуді белгілеу;
  • жұмыс берушінің еңбек жағдайларының өзгергені туралы қызметкерге жазбаша хабарлау міндетін белгілеу;
  • жұмыс берушінің өндірістік процесте тікелей пайдаланылатын ғимараттарды, жабдықтарды, көлік құралдарын және өзге де еңбек құралдарын қоса алғанда, пайдаланудағы барлық негізгі қорларды қолданыстағы қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкес келтіру міндетін белгілеу;
  • материалдық жауапты тұлғалар үшін еңбек қатынастарын тоқтату күнін және жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беруді аяқтау шарттарын айқындау бөлігінде қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртібін реттеу;
  • мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік саласындағы біліктілікті ұдайы арттыру міндеттемелерін енгізу;
  • еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтарын бекіту.

 

Сондай-ақ, "ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңына жергілікті басқару органдарының еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету міндетін белгілеуге бағытталған нормалар енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде