#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
16 Наурыз
15 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(238)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда жердің тозуына қарсы күрес үшін қорғаныш орман белдеулерінің жүйесі құрылады

Қазақстанда жердің тозуына қарсы күрес үшін қорғаныш орман белдеулерінің жүйесі құрылады Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

Қазақстанда жердің тозуын және шөлейттенуді болдырмау үшін қорғаныш орман белдеулері мен тосқауыл екпелер жүйесін құру жұмыстары басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министріысан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Ол конституциялық нормалар табиғи ресурстарды ұлттық қазына ретінде анықтайтынын, оны пайдалану қоғамның ұзақ мерзімді мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Министрлік 2035 жылға дейін биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану Тұжырымдамасын қабылдады.

"2 млрд ағаш отырғызу міндетін іске асыру осы санмен шектелмейтінін, жұмыс жалғасатынын атап өту маңызды. Жердің тозуын болдырмау және шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында қорғаныш орман белдеулері мен тосқауыл екпелер жүйесін құру жұмыстары басталады", - деп толықтырды Еран Нысанбаев.

Спикер айтылған міндеттер климаттың өзгеруі және табиғи экожүйелерге антропогендік жүктеменің өсуі жағдайында ерекше өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде