#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
01 Наурыз
28 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(208)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1392)

Қазақстандықтар сырттай екі жерде жұмыс істей ала ма

Қазақстандықтар сырттай екі жерде жұмыс істей ала ма Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

Қазақстанда бір уақытта екі түрлі жерде 0,5 ставка бойынша жұмыс істеуге бола ма деген сұраққа Еңбек ресурстарын дамыту орталығында жауап берілді, деп хабарлайды kazinform агенттігі. 

Еңбек кодексінде "қоса атқару" ұғымы көзделген — қызметкердің негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шарты талаптарында басқа тұрақты ақы төленетін жұмысты орындауы.

Басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орны (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) бойынша еңбек сипаты мен жағдайлары туралы анықтаманы ұсынады.

Негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқарылатын жұмыстың жиынтық ұзақтығы ТК 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан (ТК және ҚР өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, 8 сағат) 4 сағаттан артық аспауға тиіс.

Қосымша жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары негізгі жұмыс бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.

Осылайша, қызметкер өзі еңбек қатынастарында (негізгі жұмыс орны бойынша) Тұрған бір жұмыс берушімен де, басқа жұмыс берушілермен де толық емес жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде