#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 ақпан
01 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(129)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(0)

Қазақстандық вокзалдарда жаңа қызмет енгізілді

Қазақстандық вокзалдарда жаңа қызмет енгізілді Фото: "Жолаушылар тасымалы"АҚ
«Казинформ»

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеудің жаңа сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі "Жолаушылар тасымалы"АҚ-ға сілтеме жасап. 

Ұлттық тасымалдаушы "ҚТЖ" ҰК АҚ — "Магистральдық желі дирекциясы" филиалымен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа сүйемелдеу сервисін іске қосты. Сервис вокзал қызметкерлері тарапынан автокөліктен вагонға дейін және кері қарай, сондай-ақ вокзал аумағы бойынша алып жүруге жәрдемдесуге өтінімді алдын ала ресімдеуге мүмкіндік береді.
 
Сіз теміржол көлігімен саяхаттау кезінде көмек ала аласыз bilet.railways.kz.
 
Қазіргі уақытта бұл қызмет мүгедектер арбасымен жабдықталған 57 вокзалда қол жетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша қолжетімсіз болған жағдайда, билетті ресімдеу кезінде тиісті опциялар көрсетілмейді.
 
Қызметті ресімдеу үшін:
 
  1. билетті сайттан сатып алыңыз bilet.railways.kz;
  2. сатып алу барысында "мүгедек" опциясын таңдап, ЖСН және мүгедектік туралы анықтама нөмірін көрсетіңіз;
  3. қажетті көмек түрлерін атап өтіңіз.
 
Қол жетімді көмек түрлері:
 
  • пойыз жөнелтілгенге дейін вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
  • пойыз жөнелтілгенге дейін мүгедектер арбасын беру;
  • поездан түсіру кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
  • пойыздан түсу кезінде мүгедектер арбасын ұсыну.
 
Өтінімді алдын ала ресімдеу вокзал қызметкерлеріне сапардың барлық кезеңдерінде жолаушыға уақтылы және толыққанды көмек көрсетуге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
 
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүрудің жеңілдікті шарттары қолданылады:
 
  • Әлеуметтік маңызы бар маршруттарда 50% жеңілдік;
  • Тальго коммерциялық пойыздарында мамандандырылған купеде 50% жеңілдік, оның ішінде еріп жүретін адамға арналған орын.

 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде