#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 Наурыз
02 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

ҚР-да 1,7 млн оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген

ҚР-да 1,7 млн оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген Фото: Адлет Беремқұлов / Kazinform
«Казинформ»

Оқушыларды тегін тамақтандыруға жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім министрі Ги Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар тегін ыстық тамақ алады.

Ги Бейсембаев министрлік тамақтану сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдағанын және тиісті нормативтік құқықтық талаптарды бекіткенін атап өтті.

Олардың ішінде:

* Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде білім беру ұйымдарында тамақтану нормаларын қайта қарау;

* бракераждық комиссиялардың тамақтану сапасына күнделікті мониторингті енгізуі және ведомствоаралық сараптамалық топтардың тұрақты бақылауы;

* қызмет басталғанға дейін жеткізушілерде міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;

* аспаздардың біліктілігіне, олардың білімі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды қатаңдату;

* ас блоктарында Бейнебақылау жүйелерін орнату.

Сонымен қатар, "әлеуметтік әмиян"жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды есепке алуды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді, оны 2025 жылы енгізу жоспарланып отыр. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде