#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
23 қараша
22 қараша

Сауалнама

Қарағандыда жол жөндеу сапасына ризасыз ба?
  • Иә. Олар өте жақсы жасайды;(295)
  • Мен сапаға ризамын,бірақ тұрақты кептелістер кедергі келтіреді;(43)
  • Жоқ. Олардың не жаман екенін бірден көруге болады-олар екі жылдан кейін ауысады;(269)
  • Қанша жасасаңыз да, мағынасы болмайды. Тек желге ақша.(33)

4 млрд теңгеге жуық жалақы бойынша берешекті Қазақстандағы мемлекеттік инспекторлар анықтады

4 млрд теңгеге жуық жалақы бойынша берешекті Қазақстандағы мемлекеттік инспекторлар анықтады Сурет: BaigeNews.kz
«BaigeNews.kz»

Қазақстанның 264 кәсіпорнында Мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 млрд теңге сомасына 17,8 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан астам еңбек құқықтарының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып. 

"Жалақы бойынша берешегі анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым берілді және 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 16,5 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұдан басқа, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері тұр.

"Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеру жүргізді, оның барысында 7 146 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 310; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 769; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67. Жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, 3 207 әкімшілік штра 338,9 млн теңге сомаға салынды", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде