#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
15 шілде
14 шілде

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(511)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1403)

Бас прокуратура инвесторлар проблемаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітті

Бас прокуратура инвесторлар проблемаларының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекітті Фото: ҚР Бас прокуратурасы
«Казинформ»

Қазақстанда инвесторлардың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілді. Бас прокурордың тиісті бұйрығы 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжатқа сәйкес тізілім электрондық форматта қалыптастырылып, кейіннен ұлттық ақпарат орталығында орналастырылатын болады.

Тізілімге екі және одан да көп инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын не оларды бұзу тәуекелін туғызатын, жүйелі сипатта болатын, заңнамадағы олқылықтармен немесе қайшылықтармен байланысты немесе қолданыстағы ережелер мен рәсімдерді өзгертпестен жеке жағдайды шешу шеңберінде жою мүмкін болмайтын проблемалар енгізілетін болады.

Бұл ретте нақты инвесторлардың жекелеген шағымдарына қатысты мәселелер жүйелік проблемаларға жатпайды.

Тізілімді қалыптастыру инвесторлардың өтініштерін, тексеру нәтижелерін талдау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу, сот және әкімшілік практиканы зерделеу, нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ашық көздерден алынған мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, тізілімге енгізу үшін ақпарат Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және басқа да мүдделі ұйымдардан келіп түсуі мүмкін.

Уәкілетті орган келіп түскен материалдарды 15 жұмыс күні ішінде қарауға міндетті. Қарау қорытындысы бойынша мәселені тізілімге енгізу туралы шешім қабылданады немесе дәлелді бас тарту шығарылады.

Егер жеке немесе заңды тұлғаның өтініші қарау үшін негіз болып табылса, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Бас прокурордың бұйрығы 2026 жылғы 21 шілдеде қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде