#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 маусым
01 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(416)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Қазақстанда педагогтарды даярлаудың жаңа моделі әзірленеді

Қазақстанда педагогтарды даярлаудың жаңа моделі әзірленеді Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
«Казинформ»

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Кешенді жоспардың жобасы, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын қайта форматтау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Kazinform ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде вице-премьер қатысушылардың құжатты дайындау барысы туралы баяндамаларын тыңдады. Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді реформалаудың негізгі бағыттарын ұсынды.

Аида Балаева баланың жеке басының негізін қалайтын және оның болашақ өмір жолын анықтайтын мектепке дейінгі және бастауыш білім екенін атап өтті. Педагог кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуға да ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тәрбиеші мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру жүйесін жетілдіру және Мемлекет басшысы көрсеткен құндылық бағдарларына негізделген педагогтерді даярлаудың жаңа моделін қалыптастыру қажеттілігіне баса назар аударылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына педагогикалық білім берудің жаңа моделін әзірлеу, соның ішінде талапкерлерді іріктеу тетігін жетілдіру және педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ-ның жаңа форматын енгізу міндеті қойылды.

Стратегиялық бағыттардың қатарында педагогтерді даярлаудың мазмұны мен технологияларын жаңарту, тәжірибеге бағдарланған оқытуды күшейту, цифрлық шешімдерді енгізу және профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыру бар.

Барлық ұсыныстар мен инновациялар өңірлерде сарапшылар мен педагогикалық ЖОО өкілдерінің қатысуымен қосымша талқыланатын болады.
 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде