#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
04 ақпан
03 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(132)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(0)

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан автожолдардың төрт учаскесі жабық күйінде қалып отыр

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан автожолдардың төрт учаскесі жабық күйінде қалып отыр Фото: "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ
eKaraganda

Қарағанды облысында ауа-райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда қозғалыс уақытша шектелген. "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, нөлден төмен температурада жаңбыр жауып, қатты көктайғақ пайда болды, деп хабарлайды Тілші ekaraganda.kz.

Қазіргі уақытта трассалардың төрт учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық:

- Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау (51-101 км, гр. Ақмола облысы – Нұра кенті);

- Астана-Қарағанды-Алматы (92-164 км, гр. Ақмола облысы – Теміртау қ. ПВП);

- Қызылорда-Жезқазған - Қарағанды-Шідерті (970-1135 км, Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы);

- Астана-Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы (248-592 км, Атамекен кенті-Балқаш қ.);

Жол қызметтері мен құтқару бөлімшелері жағдайды бақылауды жалғастыруда. Жүргізушілерден ауа-райының жағдайын ескеруді, ұзақ сапарлардан бас тартуды және жолдардың жай-күйі туралы ресми хабарламаларды бақылауды сұрайды.

Бұған дейін Қарағандыда автопарк қала маңындағы маршруттар қозғалысының тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатын.

Материалда "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ фотосуреті пайдаланылды

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде