#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
10 Наурыз
09 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(220)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды Фото: ҚР ТЖМ
«Казинформ»

"Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды, деп хабарлайды kazinform ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап. 

Өрт сөндіру пункті жалпы саны 400 адамнан асатын үш елді мекенге қызмет көрсететін болады. Жаңа ғимаратта душ бөлмесі, демалыс бөлмесі, ас үй және қызметтік үй — жайлар қарастырылған, бұл жеке құрамның тәулік бойы кезекшілігіне қолайлы жағдай жасайды, - делінген ведомство хабарламасында.

пожарные
Фото: ҚР ТЖМ
 

"Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы ауылдық жерлерде өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Оның шеңберінде ауылдарда қажетті жабдықтармен және техникамен қамтамасыз етілген ерікті өртке қарсы құралымдар құрылады. Бұл төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға, ауыл әкімдіктерінің жедел іс-қимылдарға дайындығын арттыруға және ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Новый пункт пожаротушения открыли в Карагандинской области
Фото: ҚР ТЖМ

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде