#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(209)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстанда оқушылар үшін оқу және демалыс мерзімі белгіленді

Қазақстанда оқушылар үшін оқу және демалыс мерзімі белгіленді Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
«Казинформ»

Қазақстан Республикасының Білім министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025 – 2026 оқу жылының басталу күндерін, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін белгіледі. Бұл туралы Kazinform агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның өткізілетін күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен анықталады.

Бірінші тоқсанда оқуға 8 апта беріледі. Күзгі демалыс 27 қазаннан 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнге созылады.

Екінші тоқсанда-8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін қоса алғанда 10 күнтізбелік күнді құрайды.

Бірінші сыныптарда қосымша демалыс 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі демалыс 2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда 11 күнтізбелік күнді құрайды.

Төртінші тоқсан 2026 жылдың 25 мамырында аяқталатын 8 оқу аптасына созылады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде