#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
02 Наурыз
01 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстанда 31 мыңнан астам шетелдік студенттер білім алуда

Қазақстанда 31 мыңнан астам шетелдік студенттер білім алуда Сурет: pexels.com
«Казинформ»

Биыл түлектер саны 177 586 адамды құрайды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Оның айтуынша, 2024-2025 оқу жылында азаматтық жоғары оқу орындарында 680 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде 624 500 — бакалавриатта, 39 200 — магистратурада, 7 600 — докторантурада және 8 900 — резидентурада.

"Ағымдағы жылы шетелдік студенттер саны 31,5 мыңды құрайтынын атап өткен жөн. Алғаш рет Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД елдерінен: Азия елдерінен — 17 456 адам, ТМД елдерінен — 12 816 адам білім алушылар санынан асып түсті", — деді Талғат Ешенқұлов Үкімет отырысында.

Биылғы жылы түлектердің саны — 177 586 адам (бакалавриат — 149 160, магистратура және резидентура — 26 093, докторантура — 2 333).

Студенттерді жұмыспен қамту аясында елімізде 30 мыңнан астам студентті қамтитын "Жасыл ел" жобалары мен құрылыс отрядтары іске асырылуда. Сондай-ақ, 140 мыңға жуық студентті қамтитын оқу және өндірістік практика жүзеге асырылуда.

"Кәсіптік практикадан өту кезінде білім алушы белгілі бір еңбек міндеттерін орындайды, олар білім алушының еңбек өтіліне есептеледі", — деп толықтырды Талғат Ешенқұлов. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде