#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 Наурыз
02 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Білім министрлігінде бірқатар функциялар өзгерді

Білім министрлігінде бірқатар функциялар өзгерді Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Zakon.KZ

Үкімет 2025 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен ҚР Білім министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Енді Білім министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп:

- жыл сайынғы негізде білім беру ұйымдарының түрлері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлеу;

- мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау;

- Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша білім беру жинақтау салымы және білім беру жинақтау сақтандыруы туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар, 89-9-тармақ ережеден алынып тасталды.

Білім Министрлігінің келесі функциялары да түзетілді:

- ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

-ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор және қатысушы сақтандыру ұйымы, оператор және қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлеу және бекіту.

Министрлікке ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану, қайтару қағидаларын келісу өкілеттігі қосылды.

Қаулы 2025 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде