#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
25 Наурыз
24 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(250)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылады

Қазақстанда тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылады Сурет: BaigeNews.kz
«BaigeNews.kz»

Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BaigeNews.kz

Оның аясында елімізде қолданыстағы сертификаттардың орнына қазақстандық тауарлардың бірыңғай тізілімі құрылады.

Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі 2025 жылы қолданысқа енгізіледі, ал "CT-KZ" нысанындағы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысын жалғастырады.

"Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін өндіріс жағдайларына, өндірістік және технологиялық операцияларға қатысты талаптарды белгілейтін түзетулер енгізілді. Оларды өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп айқындайтын болады", - деді депутат Мұқаш Ескендіров отырыста.

Жалпы, оның айтуынша, заң жобасына 147-ге жуық түзету енгізілген.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде