#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 Наурыз
02 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

ҚР-да 10 колледж интернационалдандырылуда

ҚР-да 10 колледж интернационалдандырылуда Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы / Kazinform
«Казинформ»

Білім министрі Ги Бейсембаев жұмысшы мамандықтар жылы аясында жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

"Еліміздің 10 колледжін интернационалдандыру — жоспарға енгізілген негізгі іс-шаралардың бірі. Оның басты мақсаты — қазақстандық колледждердің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету", — деді министр Үкімет отырысында.

Осы мақсатқа жету үшін үздік әлемдік тәжірибелерді қолдануға ықпал ететін шетелдік менеджерлерді тарта отырып, колледждерді басқарудың озық әлемдік модельдерін енгізу жоспарлануда.

"Сонымен қатар, осы іс-шаралар аясында біздің педагогтар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасады, бұл олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Студенттер академиялық ұтқырлықтың арқасында шетелдік оқу орындарында өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Бұл қадамдар қазақстандық колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, білім сапасын халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді", — деп атап өтті Ги Бейсембаев. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде