#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 Наурыз
02 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

2024-2025 оқу жылына магистратураға грант иегерлерінің тізімі жарияланды

2024-2025 оқу жылына магистратураға грант иегерлерінің тізімі жарияланды Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Казинформ»

Гранттар кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді, деп хабарлайды kazinform агенттігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттік гранттар құрамына Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді.

Магистратураға гранттар беру конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін 75 балдан астам, бейіндік бағытқа – 30 балдан астам жинаған түсушілер қатысты.

Байқауға барлығы 2,3 мың адам қатысты. Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсаннан 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде