#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 Наурыз
25 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(253)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда сирек кездесетін жер қоры құпиясыздандырылды

Қазақстанда сирек кездесетін жер қоры құпиясыздандырылды Сурет: Pixabay
inbusiness.kz

Қазақстан осмий мен ренийден басқа сирек кездесетін жер қорлары туралы ақпаратты жыл соңына дейін ашады. Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстандағы жаңа геологиялық жаңалықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оның айтуынша, 12 учаскеде сирек кездесетін металдарды іздеу жалғасуда.

"Бүгінгі таңда қорлары 800 мың тоннаға жуық, ал болжамды ресурстары церий мен лантаноидтарды қоса алғанда, 935,4 мың тонна сирек жер металдарына бағаланатын Күйректікөл учаскесінің болашағы туралы деректер бар. Сондай – ақ, сирек жерді барлауды жеке компаниялар жүргізеді", - деді министр.

Сонымен қатар, салаға инвестициялар тарту және сирек жер саласын дамыту әлеуетін арттыру мақсатында Министрлік осмий мен ренийді қоспағанда, сирек жердің баланстық қорлары туралы деректерді құпиясыздандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде