#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
27 Наурыз
26 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(254)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Шетелде жұмысқа орналасу: Қазақстанда жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі реттеледі

Шетелде жұмысқа орналасу: Қазақстанда жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі реттеледі Сурет: pexels.com
«Казинформ»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ұтқырлығы орталықтарының Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау қағидаларының жобасын әзірледі. Бұл туралы Kazinform агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Негізгі мақсат-республикадан тыс жерлерге жұмысқа шығатын қазақстандықтарды даярлауды, олардың еңбек қызметін тиімді ұйымдастыруды және шетелде еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Қағидалар шетелде азаматтарды жұмысқа орналастыруға қатысуға үміткерлерге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ осы агенттіктердің еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

Сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің шетелде жұмысқа орналасқысы келетін ізденушілерді іріктеу және оларды даярлау тәртібі регламенттеледі.

Бұдан басқа, белгіленген талаптарға сәйкес келетін ЖҚА тізілімін құру және жүргізу көзделеді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде