#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
28 Наурыз
27 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(255)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда Ұлттық тіркелімдердің тізбесі бекітілді

Қазақстанда Ұлттық тіркелімдердің тізбесі бекітілді Сурет: gov4c.kz
Zakon.KZ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрықпен ұлттық тіркелімдердің тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz

Тізбеге барлығы 203 тіркелім кірді, оның ішінде:

автокөлік құралдарын техникалық байқау операторларының тіркелімі;
автокөлік құралдарының тіркелімі;
машиналарды/ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеудің электрондық тіркелімі (МРСТ ЕААЖ);
азаматтығы жоқ адамдардың тіркелімі;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында істейтін жеке тұлғалардың тіркелімі;
азаматтық хал жазбалары бойынша тіркелім;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі;
бала асырап алуға үміткерлер мен бала асырап алушылардың тіркелімі;
ауыл шаруашылығы жануарларының тіркелімі;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тіркелімі;
бажсыз сауда дүкендері иелерінің тіркелімі;
бастауыш және орта білім беру ұйымдарының тіркелімі;
мектепке дейінгі, орта білім беру және ТжКБ ұйымдары объектілерінің тіркелімі;
газбен жабдықтау жүйесі объектілерінің тіркелімі;
ғалымдар тіркелімі;
ғарыш объектілері мен ғарышкерлікке кандидаттардың тіркелімі;
геология тіркелімі;
грант алушылар тіркелімі;
ғылыми жобалар тіркелімі;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тіркелімі;
ғибадат үйлерінің (ғимараттарының)тіркелімі;
еңбек мигранттарының тіркелімі;
әлеуметтік жәрдемақы алушылардың тіркелімі;
жануарлар әлемінің мемлекеттік кадастры;
жеке сот орындаушыларының тіркелімі;
жеке тұлғалар тіркелімі;
жетім балалар тізілімі;
жер қойнауын пайдаланушылар тіркелімі;
жер учаскелерінің тіркелімі;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар мен түлектердің тіркелімі;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларының тіркелімі;
жолаушылар мен багажды қалааралық, облысаралық және халықаралық автомобильмен тасымалдаудың тұрақты маршруттарының тіркелімі;
жүргізуші куәлігін беру тіркелімі және т. б.

Барлық тізімді бұйрықта көруге болады.

Бұйрық 2024 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде