#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
28 Наурыз
27 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(260)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды Фото: АЗРК
«Казинформ»

Ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 2 мамырдағы бұйрығымен оны автомобиль және темір жол көлігімен алты айға әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды kazinform агенттігі

Бұйрықтың тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Ерекшеліктер бірнеше жағдайда ғана болады:

  1. "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт)не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылар әкетуді;
  2. Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде әкету;
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар.

Бұйрық жобасы қабылданған жағдайда сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 2024 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде