#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
15 Наурыз
14 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(236)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Латын әліпбиіндегі қазақ әліпбиі. Жаңа нұсқасы ұсынылды

Tengrinews

 Премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық Комиссияның отырысын өткізді. Онда латын әліпбиіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып Primeminister.kz.

Сурет ©Tengrinews.kz 

Үкіметтің мәліметінше, әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің және пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібінің жобалары қаралды.

"Жетілдірілген әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтитын латын әліпбиінің базалық жүйесінің 31 символы бар.

Қазақ тілінің ерекше дыбыстары халықаралық тәжірибеде жиі қолданылатын умлаут (), макрон (ö), седиль (), бревис () диакритикалық белгілерімен белгіленеді",- делінген хабарламада.

Әліпби қазақ тілінің жазбаша тәжірибесінде бекітілген "бір дыбыс-бір әріп"қағидатына сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан 2031 жылға дейін жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының пернетақта орналасуы ұсынылды.

"Әліпбидің жетілдірілген нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін береді және оны заманауи үрдістерге сәйкес жаңғыртуға ықпал етеді. Алдағы кезеңде қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп көшу бойынша үлкен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы латын графикасы негізінде қазақ тілінің жетілдірілген әліпбиі мәселелері бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде