#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
24 қараша
23 қараша
Айтуға болатын нәрсе бар ма? Бізбен кез-келген ыңғайлы жолмен бөлісіңіз!
  • Телефон: +7 7212 41 90 90
Жоғары бағалар, қоғамдық көлік мәселелері, ТКШ, білім беру және денсаулық сақтау салалары... Көбінесе мен әділетсіздік туралы көпшіліктің білгенін, қолдағанын және тіпті көмектескенін қалаймын. "Сенім телефоны" бөлімінде жаңалықтармен бөлісіңіз, сонда сіз естисіз Хабарлау!
Миграционный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Карагандинской области:
15 тамыз, 2020
ҚАРАУДА

Биыл ХҚО арқылы мың жарым...

Биыл ХҚО арқылы мың жарым адамға
спорттық атақ-дәреже рәсімделді

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды.
«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы», «Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі», «Ұлттық спорт төрешісі» және тағы басқа да бірқатар атақ-санаттарды беру туралы мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттардың тізімі атақ-санаттың дәрежесіне қарай әртүрлі. Оның үстіне бұл қызметтер бірнеше кезеңнен тұратындықтан, мерзімі де 24 жұмыс күнін құрайды.
Спорттық атақ пен санаттарға қатысты қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Нәтижесінде қызмет алушының қолына ХҚО-да спорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік, тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы жауап ұсынылады.
Айта кету керек, азаматтар спорттық атақ пен санаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласындағы өкілетті орган мен egov.kz электрондық порталы арқылы да рәсімдей алады.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
баспасөз қызметі
тел: 87474322056
comments powered by HyperComments
Айтуға болатын нәрсе бар ма? Бізбен өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен бөлісіңіз!
  • телефон арқылы +7 7212 41 90 90
  • e-mail-де info@ekaraganda.kz
немесе Онлайн форманы пайдаланыңыз Хабарлау!