#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(228)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда Наурызды жаппай мерекелеу мен әскери шеру тоқтатылды

«Казинформ»

 Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды мерекелеуге арналған іс-шаралар мен әскери шерудің күшін жоюды бұйырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды мерекелеу жөніндегі жария іс-шараларды, сондай-ақ Жеңістің 75 жылдығына арналған Қазақстан астанасындағы әскери шеруді тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысы бұрын жоспарланған халықаралық форумдарды ауыстыруды тапсырды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмысын жалғастыруы керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы шектеу шаралары олардың қызметіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін атап өтті. Ірі кәсіпорындар да үздіксіз жұмысын жалғастырады. 

Өздеріңіз білетіндей, Бүгін Президент бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жағдай Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде