Оқиғалар лентасы
- Қазақстанда өңірлік экологиялық саммит өтеді
- Қазақстандағы жоғары оқу орындары кәсіпорындар мен өңірлердің міндеттерімен жұмыс істейтін болады
- Гуманоидты Роботтар EXPO аумағында пайда болады
- Қазақстанда инновациялық саясатты үйлестіру үшін инновациялық штаб құрылады
- БЖЗҚ-да қазақстандықтардың жинақтары 12 ай ішінде рекордтық инвестициялық табыс әкелді
- 2026 жылы спортты қаржыландыруда не өзгерді
- Азық-түлік бағасы Қазақстанда өсуді баяулатты
- Қазақстанда 2 миллионнан астам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саналды. Оның 168 мыңы-қалыпты табыссыз
- Экономист инфляцияның БЖЗҚ кірістілігін қалай "жейтінін" түсіндірді
- Қазақстанда инновациялар үшін KPI енгізу ұсынылды
- Ғылыми-технологиялық зерттеулер мен әзірлемелерге 150 млрд теңге салынды
- Қазақстанда қарудың заңсыз айналымы анықталды
- Қазақстан IT-қызметтер экспортын 328 млрд теңгеге дейін ұлғайтты
- 2026 жылы Қазақстандағы ақылы жолдардан 100 млрд теңгеге дейін қаражат жинау жоспарлануда
- Ғалымдардың жалақысы Қазақстанда ғылымға жұмсалатын шығындардың жартысын "жеді"
- Қазақстан гидрогеологиялық қызметті жарақтандыру үшін Ислам даму банкінен қарыз алады
- Алты айдағы жаңа мамандық: Қазақстанда жұмыссыздар қалай оқытылады
- Қазақстан Балалар денсаулығы бойынша ең үздік нәтижелердің бірін көрсетті
- Демалыс күндері ауа райы: қарағандылықтар 4-5 сәуірде не күтеді
- Қазақстанда цифрлық логопед пайда болуы мүмкін
- Неліктен көп балалы отбасылар кедейлік шегінен төмен түседі
- Кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы наурыз айында Қазақстанда орта есеппен 25% - ға төмендеді
- Сарапшы: жер асты сулары Қазақстан экономикасына көмектесе алады
- Қазақстандықтарға емханаға барғаннан кейін алаяқтар қоңырау шалады. Денсаулық сақтау министрлігі деректердің бұзылуын жоққа шығарады
- Қазақстанда 2026 жылы 42 мың балалар кітабы шығарылады
- АИ Қазақстан Еңбек министрлігіне АӘК алушылар санын қысқартуға көмектесті
- 15 жыл бірге ekaraganda.kz -жалғасып жатқан оқиға
- Қазақстанның курорттары туристер саны бойынша рекордтар жаңартуда
- VR-технология жұмыссыздарды ҚР еңбек нарығына дайындайды
- Қазақстанға автокөліктің ашық импорты: сервис не үшін ыңғайлы carify-kz.com
- Президентке 2030 жылға дейінгі ғылымды дамыту жоспарлары ұсынылды
- Жүргізушілер үшін агрессияға тексеруді Қазақстанда енгізу ұсынылады
- Қазақстанда аукциондар арқылы жер қойнауының 121 учаскесі сатылды
- Сусыз екі апта: Ақтас кентінің тұрғындары коммуналдық апатқа және қызметтердің әрекетсіздігіне шағымданады
- Қарағандыда "Жұлдыз-2026" қатысушылары сахнаға шықпас бұрын қазылар алқасымен кездесті
- Михайловкадағы жеке сектор тұрғындары өз аулаларында қоқыс үйінділерінен зардап шегеді
- Business Turar: Coca-Cola belesteri үдеткіші 138 млн теңге табыс пен жаңа жұмыс орындарының өсуін көрсетті
- Қазақстанда жолдарды жылу мен аяздан қалай қорғауды жоспарлап отыр
- 80 жастағы қарағандылық мұзды өзенге шомылып, күн сайын далада ондаған шақырым жүріп өтіп, қарда жалаңаяқ жүреді
- Қарағанды кітапханасында киізден панно жасау бойынша АРТ-шеберхана өтеді
- Иттер бар-жүйелер жоқ: Қарағанды облысында қаңғыбас жануарлардың санын адамгершілікпен реттеу бағдарламасы сүйретіледі
- Қарағандыда жөндеу жұмыстарына байланысты бірден екі жол учаскесі жабылады
- Қарағанды облысында қызылша: наурыз айында сырқаттанушылық төмендеді
- Қарағандылықтар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада 16 медаль жеңіп алды
- Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының ҚАЖ мекемесінде әкімнің жұмыс сапары өтті
- Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерғали Жүніспековтың мерейтойымен құттықтады
- Депутат зейнетақыны жасына емес, өтіліне қарай тағайындауды ұсынады
- Түнгі өрт Қарағанды шағын базарында болды
- Жас қарағандылықтарды балалар жазушысы Ксения Земсковамен кездесуге шақырады
- Су астында және құрлықта: Алматыда Маржан мен сирек кездесетін жануарлар туралы фотокөрме ашылды
- Мас жүргізуші Қарағандыда 20 тәулікке қамауға алынды
- Қарағанды облысының педагогтары "оқырман ұлт"жобасының бірінші кезеңіне қатысады
- Теміртауда суретші Владимир Троценконың жеке көрмесі ашылады
- 3 сәуір: Қазақстан мен әлемдегі күннің оқиғалары
- Көктемгі өзгерістер: 3 сәуірде Қарағанды мен облыста ауа-райынан не күтуге болады
- Мораторий аяқталды: Қазақстанда бензин бағасымен не болады
- Қазақстанда Инфляция төмендеді
- Қазақстан сегіз жаңа электр станциясын салады
- Депутат ЖКО-ға жәбірленушілермен жақындауды қатаңдатуға шақырды
- Қазақстан әуе сапарларының жазғы кестесіне көшуде
- Қазақстандағы Такси әлеуметтік есептеулер туралы дауларға байланысты қымбаттауы мүмкін
- Қазақстанда электрондық сауда операторы институтын құру жоспарлануда
- Қарағандыда контейнерлік алаңдарды жаппай жинау басталды
- Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау кезінде кредиттер ескерілетін болады
- Полицейлер алаяқтардың құрбанын Қарағанды облысындағы ауылдан шыққан кезде ұстап алды
- Қазақстанның жоғары оқу орындарына енді кейбір мамандықтар бойынша студенттер қабылданбайды
- Қарағандыда экологияны жақсартумен ғалымдармен бірлесіп айналысатын болады
- Теміртауда апаттық жарықтандыру бағанасы бөлшектелді
- Теміртауда даму бюджеті ұлғаяды: оған 20 миллиард теңге жұмсалады
- Қазақстандықтарға барлық зейнетақы ақшаларын жеке меншік иелеріне беруге рұқсат етілуі мүмкін
- Кейбір кітаптарды сақтағаны үшін жаза-қазақстандықтарды қалай тексереді
- "Саран" шахтасына 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды
- Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар жаңа заңдар қабылданады
- Жасынан еңбек өтіліне өту-Қазақстанның зейнетақы жүйесін өзгерту ұсынылды
- Қарағандыдағы 15-ші магистральда апат болды
- ІІМ ЕСКЕРТЕДІ: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы таралуда
- Қарағанды облысында ауқымды сенбілік өтеді
- Мәжілісмен жүргізуші куәлігінен айырылғандарға рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Теміртауда балықшы су қоймасына батып кетті: қайғылы оқиға біраз уақыттан кейін белгілі болды
- Қазақстанда адамдар көп: жаңа деректер
- Медициналық көмектің сапасына қатысты шағымдар енді телефон арқылы қабылданбайды
- Қарағанды облысында жоғалған бала тірі табылды
- Қазақстанда ипотека беру шарттары қайта қаралуы мүмкін
- Балқаш мыс балқыту зауытында экологиялық бұзушылықтар анықталды
- Сатыбалдин көшесінің тұрғындары құрылыс салушымен елеулі кемшіліктерге байланысты сот ісін жүргізуде
- Кәмелетке толмаған адамды зорлау туралы үкім өзгеріссіз қалды
- Сарапшы бет пен алақанға төлем жасау қаупі туралы ескертті
- Роман Старченко Қазақстан чемпионаты финалының бірінші матчының кейіпкері атанды
- Қарағанды облысының даласында жоғалған баланы іздеуде
- Қарағанды облысы ҚАЖ мекемесіне және Ұлытау облысына жұмыс сапары: сотталғандарға медициналық қызмет көрсету сапасы бағаланды
- Қарағанды облысының ұлттық парктері материалдық-техникалық базаны нығайтуда
- 2 сәуір: Қазақстан мен әлемдегі күннің оқиғалары
- Көктем күшейіп келеді: 2 сәуірде Қарағанды мен облыста ауа райы қандай болады деп күтілуде
- Қазақстанда мемлекеттік құпияларды қорғауды күшейтеді және экстремизм бойынша нормаларды қатайтады
- Қазақстандағы жоғары оқу орындары кәсіпорындар мен өңірлердің міндеттерімен жұмыс істейтін болады
- IT-мамандарды Қазақстанның Арнайы мемлекеттік органдарына қызметке тартуды жоспарлап отыр
- Қарағанды облысында су тасқыны қаупімен күресу жалғасуда
- Тұрғын үй нарығындағы қолма-қол ақшаның соңы: кім бірінші болып зардап шекті
- Скутер үшін төбелес: қарағандылық ауыр жарақат алды
- 12 мыңға жуық бала Қазақстандағы Ұлттық қордан ақша алушылар қатарынан шығарылды
- Теміртауда апаттық жарықтандыру бағанасын бөлшектеуге уәде берілуде
- Қазақстанда студенттерге стипендия көтеріледі ме
- Қазақстанда Жол қоры құрылуы мүмкін
- Теміртауда көшелер қыстан кейін ретке келтіріледі
- ЖСН бойынша жұмысқа жіберу: жұп – үйде, тақ-кеңсеге
- Қарағандыда жол маусымы әдеттегіден ерте басталды
- ҰБТ форматы 2027 жылы қайта қаралуы мүмкін
- "Заң және тәртіп": Қарағанды облысында мектеп сабақтарының жаңа форматы енгізілді
- 3 287 қазақстандық аграршы егіс науқанына қаражат алды
- ChatGPT рұқсат етілді, бірақ сіз өзіңіз ойлануыңыз керек: университеттердегі ережелер қалай өзгереді
- Қазақстан пилотсыз авто және жеткізуші дрондарды ұшыруға дайындалуда
- 25-қабатқа жүгіру: Қарағандыда өрт сөндірушілер төзімділікпен жарысты
- Тоқаев киберқауіпсіздік пен азаматтарды қорғауды күшейтуді тапсырды
- Шпиондық бағдарламалар мен эксплуатациялар — Қазақстандағы пайдаланушылар үшін қандай қауіптер өзекті болып қала береді
- Неліктен қазақстандық банктер бірыңғай QR-кодты қосуды кешіктіреді, - деп жауап берді Ұлттық банк басшысы
- Қарағандыда ең терең шұңқырға конкурс жарияланды: жеңімпазға асфальт уәде етілді
- Алғашқы қазақстандық қатерлі ісікке қарсы препаратты сынау жыл соңына дейін аяқталады
- Қарағандыда Нұркен Әбдіров даңғылы 3/2 мекенжайындағы бизнес-орталықтағы баспалдақ суда бойынша апелляциялық соттың кезекті отырысы өтті
- Үкімнің орнына сыпырғыш: Қарағандыда жақында заңды бұзғандар қалада тәртіп орнатуға шықты
- "Атамекен" ҰКП және Қарағанды облысының әкімдігі бизнеспен диалогты күшейтуде
- Жүздеген мың қазақстандықтар несиелер мен шағын қарыздарды бұғаттайды: бұл немен байланысты
- Қарағандылықтар жұлдыз жорамал бойынша үйленеді
- Қарағандыда бес жүз шаршы құрғақ шөп өртенді
- Ата-аналар академиясы және цифрлық сауаттылық: Қарағанды облысында "күміс университетке"қабылдау ашылды
- "15 - те үйленді": неліктен зорлаушының үкімі әлі күшіне енген жоқ?
- Теміртау синхронисті әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды
- Қарағанды облысында бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 29 маусымда басталады
- Мас жүргізуші Қарағандыда ұсталды
- Болашақ жобалары: Қарағандылық оқушылар Infomatrix халықаралық олимпиадасында жеңіске жетті
- Күлкі күні және басқа да қызықты оқиғалар: 1 сәуірде не танымал
Сауалнама
- Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(273)
- Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)
Қазақ тілі дегеніміз – қазақ әдебиеті деген сөз!
Жаһандану процесі кезінде Қазақстан қандай бағыт-бағдар ұстану керек деген сауалға жауап іздеу – бүгінгі күннің басты тақырыбы десе болады. Біз өркениет көшіне өзінің ұлттық үрдісімен ілескен Жапония дәстүрін ұстануымыз керек. Олар өзінің ұлттық кескін-келбетін көзінің қарашығындай сақтап, дүние жүзі ғылым мен техникасы, мәдениеті мен әдебиетінің озық үлгілерін ұлттық болмыс-бітіміне сорғыштай сіңіріп алған ел! Біз де солай болуымыз керек!
Бір қоғамдық-экономикалық формациядан екінші формацияға өту оңай болған жоқ. Қазақстанға , ең әуелі экономиканы жолға қойып, нарықтық қатынастарды меңгеріп алу керек болды. Біздің ел бұл өткелектен аман-есен өтті десе болады. Енді, Елбасымыз ұлттық-рухани жаңғыру мәселесін алға қойып отыр.
Қай ел, қандай жұрттың болсын, ұлттық рухы, ұлттық жан дүниесі ұлттық әдебиетінен бастау алып, ұлттық әдебиетінде ғана саф алтындай сақталып тұрады. Ұлы орыс халқы дегеніміз - ұлы орыс әдебиеті: Пушкин, Толстой, Гоголь, Тургенов, Достоевский, Вознесенский...
Орыс тілі, орыс ділі, орыс әдебиеті болмаса жер бетінде орыс халқы да жоқ болар еді. Қазақ халқы, қазақ ділі дегеніміз де – Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті еді. Асан Қайғы, Ақтамберді, Шалкиіз, Қазтуған, Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағалилар еді ғой! Қазақты сақтап қалатын Қазақ әдебиеті еді. "Я считаю великими три языка из всего числа мировых языков - это русский, французский и казахский"-деген ғаламдағы ғажайып ғұламалардың бірі һәм бірегейі В. В. Радлов. Біз мұны енді ғана түсіне бастағандаймыз...
Туасы неміс, қазақ жазушысы Герольд Бельгер Орыстың Академиялық Үлкен сөздігінде 120 488, Дальдің 4 томдық сөздігінде 200 мың әдеби сөз бар екенін айтады. Ал, Қазақтың Түсіндірме сөздігінде 2 млн. 550 мыңдай сөз бар екен!
Осыншама бай тілдің тарих сахнасынан құрып кетуі, мүлде, мүмкін емес!
Ең әуелі – қазақтың ұлттық рухын көтеруіміз керек еді! Экономиканы көтеріп алайық деді... Рух көтерілмей, ұлт та, қазан да, азан да көтерілмейді екен, жаңа біліп отырмыз! Қазақстан Жазушылар одағы – аңшылар одағы, ит қорғаушылар т. б. секілді болып қалды...
Капитализмнің бір қатал заңы бар: кім жұмыс істейді – ақысын алуы керек! Теңгедей немесе доллармен! 1991 жылдан, Совет Одағының шаңырағы шалқасынан түскеннен бері жазушыларға қалам ақы төленбейді десе де болады! Қазақ жазушыларына! Орыстарда – басқаша.
Қазақ Ұлты дегеніміз – Қазақ Тілі деген сөз! Қазақ Тілі дегеніміз – Қазақ Әдебиеті деген сөз!
Жазармандар арасындағы: "Сен – дәлдүріш! Мен – талант!" деген көйіткен бір көкетантық әңгіме бар... Сенің талант екеніңді екінің бірі, егіздің сыңарының білуі шарт емес. Заманында Абайдың ақын екенін бір қазақ білген жоқ,- Әлиханнан басқа, Әуезевтен басқа! Абайдың ақын ғана емес, Хакім екенін біз де әлі де білмейміз ғой?! Білсе,- саусақпен санарлықтай қазақ біледі! Дүниежүзілік әдебиеттің сорпа бетіне шығарын тұла бойына сіңіріп алған құдайы көршіміз, бізден гөрі мәдниеттілеу дейтін орыстың өзі де білмейді әлі Абайды! Неге? Абай орыс тілінде сөйлей алмай жатыр әлі! Бұл кімнің кінәсі?! Кімнің кім екенін Алла ғана,- Уақыт пен Тарих қана біледі!
Қазақ жазушыларының маңдайына енді жалғыз ғана миссия жазулы тұр: туған елімізбен дүние жүзіне айналасы 70-ақ жыл ішінде мәңгі өлмес классикалық дүниелер ұсынған осыноу бай да, құтты, қуатты Қазақ Тілінде Әлемдік Классикалық Әдебиетпен бәсекеге түсе алатын көркем туындылар жазу! Ұлы әдебиеті бар Ұлттық Тілді ешкім ұрып, өлтіре алмайды!
«Ару латын әлі он сегіз жасында...»
Бір кезде Кирилл, Мефодий дейтін болғар монахтары сомдаған, арғы тегі грекке тірелетін, бүгінгі орыс жазуы – Кириллица әліпбиі қазақ халқы үшін ұлы тарихи миссиясын адал атқарып шықты деуге болады. Санаулы жылдар ішінде осы әліпбимен салиқалы елге айналдық. Қазан төнерісінің қасіретіне қарамастан, бұрынағы одақтастар ішінде ордалы жұрт, іргелі ел болдық. Кириллица дүниеге көзімізді ашып, көкірегімізге нұр құйды. Бойында Менделеевтің бүкіл ғылыми элементтері табылатын ұлан-ғайыр территориясы, ғылым академиясы, ірі өндіріс орталықтары, қуатты өнеркәсібі бар тегеруінді республика болдық.
Осы әліпбимен қазақ совет әдебиетін сомдап, «Абай жолы» дәуірнамасын, дүниеде тендесі жоқ қазақ поэзиясын туғызып, әлемдік әдебиеттің інжу-маржанын өз тілімізге қотарып алдық.
О, Кириллица, - Ұлы Мәртебелі Орыс Әліпбиі, Сен адамзат мәдениетінің алтын арнасының бірі хам бірегейісің!
Қазақ сахарасына Пушкинді алып келген – Сен! Сен бізге Абайдың жүрегін тербеп, Татьянаның Әні болып келдің!
Пушкинмен бірге пушкаң да келген еді... Оған сенің кінәң жоқ еді. Әлихан мен Ахметке, Сәкен мен Мағжанға жабылған жалаға да Сенің қатысың жоқ еді! Оған орыс тілі, орыс әліпбиі жазықты емес, оңбаған отаршылдық ой пиғыл, империялық кердең кеудемсоқтық, орыстың өзіне де опа бермейтін шынжыр балақ, шұбартөс шовенизм кінәлі болатын!
Бізді ХХІ-ші ғасырға жетектеп алып келген – Сен!
Адамзат қауымдастығының алтын бекетіне ат жалдырып, жан-жағымызға қарап тұрсақ, дүниенің көші басқа жаққа бет алып барады екен. Елу шақты ел бізге қара үздіріп кетіпті: әліпбиі – Латын, әдебі – өзгеше, әлемі де – бөлек. Сол көшке біз де ілесуіміз керек! Бүгін ілеспесек, ертең көштен қалып қоюымыз мүмкін: қанатты елдер, санатты ұлтардың бәрі де Латын әліпбиімен қара танып, ғылым мен техниканың дамуына өзгеше үлес қосып жатыр.
Олар биікке шыққанда, біз етекте қалып қойдық.
Компьютердің тілі де – Латын.Түркі тілдес ағайындардың да әліпбиі – осы. Бұдан жетпіс-сексен жыл бұрын іргеміз бөлінген, тілі де, діні, ділі, түбіміз бір түркімен басымызды қосып, төрт құбыламызды қашан түгендейміз?!
V-VІ ғасырдағы көне Орхұн жазуынан Күлтегін Жырын да Кириллицаға көшіріп алған ақылы кемел, зерек жұрт едік қой. Күллі ұлттық қасіретімізді, бодан ой-болмысымызды көшкен жұртқа тастап, орыс жазуына орасаң зор алғысымызды айтып, сондағы ұлы қазынаны соны әліпбиге қотара көшіріп, Қасиетті Латынға жеткен күні Алаш жұрты да адамзат көшіне ілесіп жүре берер еді...
Латын әліпбиін тұтынатын елдердің көпшілігі біреуге бодан болмаған, құлдық сезімі жоқ, қожайындық қасиеті мол елдер екен. Еңсемізді тіктеп, ел боламыз десек, сол елдер кенелген арда ақыл-ой, сезімге біз де кенелуіміз керек!
Ару Латын, - әлі он сегіз жасында.
Жақсы менен Жайсаң сонын қасында.
Ғаламзатты қартайтты да ғашық қып,
Кербес Сұлу келді біздің ғасырға,
Адамзаттың бүгіні - сол, өткені,
Қысы, жазы, күзі де - сол, көктемі.
Гомер дейтін ақын - ақын болғалы,
Латын дейтін - латын болған, өйткені.
Асқақ жыры - алтын Алаш қахында,-
Ару Латын тәнті мендей ақынға.
...Біреу жетсе айдарынан жел есіп,
Мен жетермін Қасиетті Латынға.
Серік Ақсұңқарұлы



vk
facebook
twitter
ok
mail.ru
instagram
youtube
Хабарландырулар
Ауа райы
Медиа
Анықтамалық





