#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
31 қазан
30 қазан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(882)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1418)

Қазақстанда ормандарды зиянкестерден биологиялық қорғауға арналған зертхана құрылады

Қазақстанда ормандарды зиянкестерден биологиялық қорғауға арналған зертхана құрылады Фото: Бурабай МҰТП
«Казинформ»

Қазақстанда энтомофагтарды, орман зиянкестерінің табиғи жауларын өсіру жөніндегі мамандандырылған зертхана 2027-2030 жылдары құрылады. Жобаны 29-30 қазанда Сеулде өткен Азия орман ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Ассамблеясының 15-ші сессиясы мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. 

Жоба сондай-ақ мониторинг жүйесін жетілдіруді, ормандарды қорғаудың заманауи биологиялық әдістерін енгізуді және зақымдалған сүректі қауіпсіз көму технологияларын сынауды көздейді. Бұл химиялық қорғаныс құралдарын қолдануды азайтуға және орман экожүйелерінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
 
Сессияға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері қатысты. Қатысушылар ормандарды тұрақты басқару, инвестициялар тарту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды.

Лабораторию для биологической защиты лесов от вредителей создадут в Казахстане
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

UNIDBT Plus компаниясымен Қазақстанда көміртегі жобаларын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Тәжірибелік іске асыруды 2027 жылы бастау жоспарлануда. Ынтымақтастық орман шаруашылығына қосымша инвестициялар тартуға, орман екпелерінің алқаптарын кеңейтуге және парниктік газдарды сіңіруді арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның қорғаныш орман екпелерін құру және агроорман шаруашылығын дамыту жөніндегі бірлескен гранттық өтінімін дайындау талқыланды. Бастама шөлейттенуді бақылауға, жердің деградациясын болдырмауға және ауылшаруашылық аймақтарының климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыруға бағытталған.

Лабораторию для биологической защиты лесов от вредителей создадут в Казахстане
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қатысушылар сондай-ақ Қазақстанда 2027 жылдың көктемінде AFoCO Ассамблеясының арнайы сессиясын өткізу туралы шешім қабылдады.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде