#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
30 қазан
29 қазан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(881)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1418)

Қазақстандағы онлайн-платформалар арқылы 520 мыңға жуық такси жүргізушісі жұмыс істейді

Қазақстандағы онлайн-платформалар арқылы 520 мыңға жуық такси жүргізушісі жұмыс істейді ChatGPT
«Казинформ»

Қазақстанда 520 мыңға жуық адам такси саласында онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай деректер Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің салық реформасының салдары туралы депутаттық сауалға берген жауабында келтіріледі, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін 981,2 мың адам қолданған.

"Оның ішінде 866,9 мың адам немесе 88%-ы қызметті интернет-платформалар арқылы жүзеге асырады. 114,2 мың адам немесе 12% өз бетінше жұмыс істейді. Бұл ретте 807,3 мың жеке тұлға режимнің жаңа қатысушылары болып табылады. Такси қызметтеріне 519 683 адам немесе 53%, курьерлік қызметке — 292 509 адам немесе 30% келеді. Бұл режимнің барлық қатысушыларының 83% құрайды", — делінген Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға берген жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, деректер жаңа Салық кодексінің Қазақстандағы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерге әсері туралы мәселе көтерілген депутаттық сауалға жауапта келтірілген. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде