#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 қазан
25 қазан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(872)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1417)

Тоқаев: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс

Тоқаев: Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс Фото: Ақорда
BAQ.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналдыру қажеттігін мәлімдеді. Жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа көлік бағыттарының іске қосылғаны және елдің транзиттік мүмкіндіктерінің кеңеюі туралы хабарлады, деп хабарлайды корреспондент BAQ.KZ. 

Президенттің айтуынша, логистикалық инфрақұрылымды дамыту экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі болып табылады. 

"Келесі сұрақ. Логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аудару қажет. Бұл еліміздің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Бүгінде барлық мемлекеттер логистика мәселелерімен айналысады. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті бүгін күшті ел ертең құлдырау алдында тұруы мүмкін. Келесі жылы елімізде "Бақты – Аягөз" теміржол желісі пайдалануға беріледі. Жаңа маршруттың арқасында Қытаймен жүк тасымалдау сыйымдылығы 20 миллион тоннаға артады. Тамыз айында "Арал-Каспий" магистралінің құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің ұзындығын шамамен мың шақырымға, ал жүктерді жеткізу мерзімін үш күнге қысқартуға мүмкіндік береді. Үкімет осы салада басталған барлық жобалардың сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қатаң бақылауға алады",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлемдік логистикадағы өзгерістер құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңыздылығын арттыратынын атап өтті.

"Әлемдік логистика ауқымды трансформация және жедел даму кезеңіне енді. Теңіз жолдарының осалдығы құрлықтағы көлік дәліздерінің стратегиялық маңыздылығын арттырды. Қазақстан бұл тарихи мүмкіндікті іс жүзінде Еуразияның жетекші логистикалық орталығы болу үшін пайдалануы тиіс. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропа континентіне жүк тасымалының шамамен 85 пайызы біздің территориямыз арқылы тасымалдануда. Бірақ қазіргі қолайлы жағдайға қанағаттану-болашақта қуып жетуші рөліне түсу. Қазірдің өзінде халықаралық жүк ағындарын толыққанды ұйымдастырушы позициясына көшу қажет. Отандық логистикалық операторларды дамытуға, жүктерді шоғырландыру және бөлу орталықтарын құруға ерекше назар аудару керек. Сондай – ақ көлік тораптарының айналасында жаңа өндірістер мен сауда алаңдарын қалыптастыру маңызды", - деп атап өтті Президент.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде