#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 қазан
25 қазан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(872)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1417)

Қазақстанда жол жұмыстарының құнын төмендету жөніндегі шаралар әзірленеді

Қазақстанда жол жұмыстарының құнын төмендету жөніндегі шаралар әзірленеді Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
«Казинформ»

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚазАвтоЖол" АҚ Төрағасы Дархан Иманашевтің жұмыстардың аралық нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалды, жол құрылысын материалдармен қамтамасыз ету, салмақ-габариттік бақылауды жетілдіру, техникалық қадағалауды күшейту, жол битумының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев шешімдерді әзірлеу кезінде жолдарды салуда, жөндеуде, пайдалануда практикалық тәжірибесі бар бейінді мамандардың пікірін ескеру қажет екенін, ал техникалық мәселелерді инженерлердің, технологтардың және салалық сарапшылардың тікелей қатысуымен қарастыру қажет екенін атап өтті.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жүктеменің рұқсат етілген нормаларынан асатын және жол жабынының мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соқтыратын ауыр жүк көліктерінің қозғалысына жол бермеуге ерекше назар аударды.

Қабылданған шешімдер мен қорытындылар үшін "Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының" жауапкершілігін күшейту қажеттігі атап өтілді.

Отырыс барысында облыс, Павлодар және Түркістан өңірлері әкімдері орынбасарларының ұсыныстары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев Көлік министрлігіне "ҚазАвтоЖол" АҚ, облыс әкімдіктерімен және мүдделі тараптармен бірлесіп автомобиль жолдарының сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруға, жол жұмыстарының құнын төмендетуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, ауыр жүк автомобильдерінің қозғалысын бақылауға бағытталған нақты шешімдер әзірлеуді тапсырды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде