#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
21 қазан
20 қазан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(846)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1417)

Ерұлан Жамаубаев өңірлер бойынша инфляция деңгейіндегі айырмашылықты түсіндірді

Ерұлан Жамаубаев өңірлер бойынша инфляция деңгейіндегі айырмашылықты түсіндірді Сурет: primeminister.kz
BAQ.KZ

Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаевтан инфляция бойынша ресми деректер елдегі нақты жағдайды қаншалықты көрсететінін және кейбір өңірлерде бағаның өсуі неге орташа республикалық көрсеткіштен асып түсетінін сұрады, деп жазады BAQ.kz. 

Сұраққа жауап бере отырып, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік шығыстар мен соған байланысты қажеттіліктер келесі және кейінгі жылдарға арналған болжамдарда ескерілгенін атап өтті. Болжамға сәйкес, Қазақстандағы инфляция 2027 жылы 7,5–9,5% -. құрауы мүмкін.

Оның айтуынша, баға динамикасына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Негізгі тәуекелдердің ішінде ол энергия ресурстарының қымбаттауын, азық-түліктің әлемдік бағасының өсуін және тарифтік реформаны атады.

Инфляцияны тежеу үшін Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Жамаубаев атап өткендей, оны жүзеге асыру жалғасуда.

Ұлттық банк өкілі инфляцияның өңірлік көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға түсініктеме бере отырып, өңірлердегі мемлекеттік шығыстардың құрылымы мен экономикалық жағдайлары әртүрлі екенін түсіндірді. Сондықтан бағаның өсу қарқыны бірдей болмауы мүмкін. Оның айтуынша, Ұлттық Банк бағаның өсу себептерін және олардың экономикаға әсерін тереңірек бағалау үшін әр аймақтағы инфляциялық процестерді талдайды.

Бұл ретте ақша-кредит саясатының құралдары жекелеген өңірлердегі инфляцияны реттеуге арналмаған. Ұлттық банк оларды бүкіл ел деңгейінде қолданады.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде