#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
25 қыркүйек
24 қыркүйек

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(627)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1412)

Қазақстанда тазалықтың ұлттық стандарты қандай болады: бес бағыт аталды

Қазақстанда тазалықтың ұлттық стандарты қандай болады: бес бағыт аталды Фото: Қарлыбай Бақдәулет
«Казинформ»

Қазақстанда Президенттің тапсырмасын орындау үшін Ұлттық тазалық стандарты әзірленуде, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша Премьер-Министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен кеңесте экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров оны қалыптастыру тәсілдерін ұсынды.

Ұлттық стандартты бес тақырыптық бағыттан тұратын жүйе ретінде қалыптастыру ұсынылады: экологиялық ағарту, экологиялық волонтерлік, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы, оларды көгалдандыру, сондай-ақ табиғи аумақтардың тазалығы. Әрбір бағытты әзірлеуге және енгізуге тиісті мемлекеттік орган жауапты болады, жалпы үйлестіруді Үкімет деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша "Таза Қазақстан" іске асырыла бастағаннан бері 10 мыңға жуық қоқыс орны жойылды, 7 млн ағаш отырғызылды, 2 мыңнан астам волонтерлік жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, экологиялық тәрбие бойынша 560 мыңнан астам сынып сағаттары өткізілді. TazaQazBot арқылы азаматтардан санитарлық жағдай және аумақтарды абаттандыру мәселелері бойынша 57 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Ұсынылған тәсілдерді ескере отырып, Олжас Бектенов экология және табиғи ресурстар, сауда және интеграция, мәдениет және ақпарат, ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп әрбір бағыт бойынша бірыңғай талаптар дайындауды тапсырды. Стандартта қарапайым, түсінікті және өлшенетін талаптар болуы керек. Сонымен қатар, министрліктерге "Таза Қазақстан" бренді шеңберінде қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау тапсырылды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде