#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
18 қыркүйек
17 қыркүйек

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(621)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1412)

Қазақстандықтарға бүкіл әлем бойынша бір миллионға жуық крипто әмиян тиесілі

Қазақстандықтарға бүкіл әлем бойынша бір миллионға жуық крипто әмиян тиесілі Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

Бүкіл әлем бойынша бір миллионға жуық крипто-әмиян қазақстандықтарға тиесілі. Бұл ретте цифрлық активтермен жасалатын операциялардың едәуір бөлігі әлі де шетелдік платформалар арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің авторизация және қаржы технологиялары Кеңсесінің басқарушы директоры Ермеғали Еденбаев мәлімдеді.

"Сарапшылардың бағалауынша, қазақстандықтарға бүкіл әлем бойынша 1 миллионға жуық криптокошель тиесілі. Бұл операциялардың едәуір бөлігі әлі де шетелдік платформаларда жүзеге асырылып жатқандығын айғақтайды",-деді Ермеғали Еденбаев.

Ол осы клиенттерді АХҚО реттелетін ортасына тартуды басты міндеттердің бірі деп атады.

Қазіргі уақытта бес халықаралық криптоплатформа АХҚО-да лицензиялау рәсімінен өтуде, олардың екеуі әлемдегі ең ірі криптобиржалардың ондығына кіреді.

"Осылайша, біздің мақсатымыз цифрлық активтерді реттеу ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың операцияларын қауіпсіз және реттелетін ортаға көшіру", - деп қорытындылады спикер. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде