#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 қыркүйек
12 қыркүйек

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(613)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1411)

ERG Қарағанды облысындағы әлеуметтік жобаларға 350 млн теңгеден астам қаражат бөледі

ERG Қарағанды облысындағы әлеуметтік жобаларға 350 млн теңгеден астам қаражат бөледі Сурет: gov.kz

Қазандықтың тұрақты жұмысы, сумен жабдықтау және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету — осы мақсаттарға Eurasian Resources Group (ERG) 350 млн теңгеден астам қаржы бөледі. Компания мен Қарағанды облысының әкімдігі әлеуметтік жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Қазақстандағы ERG бас директоры Құдрат Шамиев қол қойды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Қаражаттың негізгі бөлігі Шұбаркөл коммуналдық инфрақұрылымына жұмсалады. ERG жергілікті қазандық үшін көмір мен электр энергиясын сатып алуды, персоналдың жұмысына, көлікке және объектіні күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды қамтамасыз етеді. Компания сонымен қатар кәріз сорғы станциясын және кентішілік су құбыры желілерін ұстауды жалғастырады.
 
Нұра ауданының тұрғындары үшін жеке көмек қарастырылған. Аз қамтылған отбасыларға 500 тонна көмір беріледі.
 
- Біз үшін әлеуметтік жобалардың адамдарға нақты пайда әкелетіні және біз жұмыс істейтін аумақтардың нақты міндеттерін шешуі маңызды, - деп атап өтті Құдрат Шамиев.
 
Бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің алғашқы мысалы емес. 2025 жылы "Шұбаркөл Көмір" АҚ 40 жылдығына орай Шg Шұбаркөл қаласында заманауи балалар және спорт алаңдарын салды.
 

  

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде