#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
07 қыркүйек
06 қыркүйек

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(602)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1411)

Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу ережелері өзгерді: нені білу маңызды

Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу ережелері өзгерді: нені білу маңызды Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландыру тәртібі өзгерді. Енді тіркеуге жататын мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы шарттарды жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша нотариус куәландырады, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.

Жаңа ереже "Нотариат туралы" Заңның 54-бабында бекітілген.

Тиісті өзгерістер 2026 жылғы 8 шілдедегі Заңмен енгізілді. Бап мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы шарттар мүліктің орналасқан жері бойынша куәландырылуға тиіс нормамен толықтырылды.

Құжат шілде айында жарияланды және 60 күнтізбелік күннен кейін — 2026 жылдың 8 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері оның шегінде нотариус тиісті нотариаттық іс-қимыл жасауға құқылы аумақты айқындайды. Заңның 20-бабына сәйкес нотариаттық округ бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Астананың аумағын қамтиды.

Сонымен қатар, өзгерістер "Нотариат туралы" Заңның 21-бабына әсер етті. Нотариус қызметінің аумақтық шекараларын сақтау қажет болатын нотариаттық іс-әрекеттер тізбесіне енді 54-бапта көзделген іс-әрекеттер тікелей енгізілді. Бұл ретте нотариаттық кеңседен тыс нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тиісті нотариаттық округ шегінде ғана жол беріледі.

Азаматтар үшін іс жүзінде не өзгерді, деп түсіндірді нотариус Карина Төлепова Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, енді жылжымайтын мүлікті сату, сыйға тарту немесе кепілге беру кезінде объект орналасқан қаладағы немесе аймақтағы нотариусқа ғана жүгінуге болады. Яғни, Алматыдағы пәтермен мәмілені Алматыдағы нотариуста, ал Шымкенттегі үймен — Шымкентте ресімдеу қажет. Мұндай мәміле үшін Басқа қаладағы нотариусқа жүгіну енді нәтиже бермейді, деп түсіндірді ол. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде