#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
06 қыркүйек
05 қыркүйек

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(599)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1411)

Қазақстандағы ТЖМ қызметкерлеріне ақшалай үлес төлемдерінде не өзгереді

Қазақстандағы ТЖМ қызметкерлеріне ақшалай үлес төлемдерінде не өзгереді Фото: Мақсат Шағырбаев
«Казинформ»

Қазақстанда азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, Жәрдемақыларды және басқа да төлемдерді төлеу ережесі өзгерді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Өзгерістерге сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан азаматына тиісті командирдің (бастықтың) жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап және лауазымға тағайындалғанға дейін лауазымның I санаты бойынша еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген лауазымдық айлықақы төленеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік оқу орындарында оқитын әскери қызметшіге төлемдер халықаралық шарттар мен келісімшарттарға сәйкес жүргізіледі.

Бұдан басқа, командирдің (бастықтың) қарамағындағы әскери қызметшіге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған күннен бастап және қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері қамтамасыз етіледі.

Егер әскери қызметшіге қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) оңалту негіздері бойынша тоқтатылса не сот ақтау үкімін шығарса, ақшалай үлес Қағидалардың 26-тармағына сәйкес төленген соманы шегере отырып, командирдің (бастықтың) қарамағында мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.

Сондай-ақ, сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы төлеу тәртібі нақтыланады. Ол әскери қызметшіге сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген, алынып тасталған, қалпына келтірілген) күннен бастап төленеді. Үстемеақы азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес негізгі немесе уақытша орындалатын лауазым бойынша іс жүзінде алынатын жалақыға есептеледі.

Бұйрық 2026 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде