#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
26 тамыз
25 тамыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(586)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1410)

Қазақстан Энергетика министрлігі функцияларын кеңейтті

Қазақстан Энергетика министрлігі функцияларын кеңейтті Фото: ҚР Энергетика министрлігі
«Казинформ»

Қазақстан Үкіметі Энергетика министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Өзгерістерге сәйкес, жаңа редакцияда Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және уақтылы қабылдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардағы қайшылықтар мен олқылықтарды жою жөніндегі функциясы баяндалған.
 
Ереже Министрліктің бірқатар жаңа функцияларымен толықтырылды. Атап айтқанда, ол:
 
  • цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматқа ауыстыруды қамтамасыз етеді;
  • "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  • мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді;
  • мемлекеттік заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
  • Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері де нақтыланды. Ол өз қызметі бойынша бақылауындағы комитеттердің басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

 

Қаулы 2026 жылғы 6 қыркүйектен бастап күшіне енеді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде