#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 тамыз
11 тамыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(564)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1406)

Қарағанды облысында 252 млн теңге алимент өндірілді

Қарағанды облысында 252 млн теңге алимент өндірілді Фото: экараганда
«Казинформ»

Қарағанды облысында алимент бойынша 252 млн теңгеден астам берешекті өтеу қамтамасыз етілді, деп хабарлайды kazinform агенттігі аймақ прокуратурасына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған сот шешімдерінің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді. 

Жыл басынан бері прокурорлық қадағалаудың 50 актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 323,9 млн теңге өндірілді.

Қабылданған шаралардың арқасында 252,4 млн теңге сомасына алимент бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді, бұл жүздеген кәмелетке толмаған балалардың алимент алу құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша анықталған заңнаманы бұзғаны үшін 58 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сот шешімдерін орындаудан жалтарғаны үшін 41 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары баланы күтіп-бағуға қаражат төлеуден қасақана жалтарған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шаралар қабылдайды.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі 23 тергеу тіркелді, төрт борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, "З" өңірінің тұрғыны кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден үш айдан астам жалтарып, 2,7 млн теңге көлемінде берешек жинады.

Сот үкімімен оған пробациялық бақылау белгіленіп, жылына 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Қарағанды облысының прокуратурасы ата-аналардың өз балаларын асырау міндеті тек моральдық парыз ғана емес, заңның талабы екенін еске салады. Сот шешімдерін орындаудан жалтару заңда белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және балалардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде