#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
20 шілде
19 шілде

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(521)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1403)

Қазақстанда әскерге шақырудан босату қайта тексерілетін болады

Қазақстанда әскерге шақырудан босату қайта тексерілетін болады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
«Казинформ»

Қазақстан Үкіметі азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын жаңартты. Тиісті өзгерістер 2026 жылғы 14 шілдедегі қаулымен енгізілді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Құжатқа сәйкес облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудандарда және облыстық маңызы бар қалаларда шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша шақыру комиссиялары құрылады. Комиссияның әрбір мүшесі үшін дәлелді себептермен сырқаттанған немесе болмаған жағдайда резервтік құрам көзделеді.

Түзетулермен азаматтарды әскерге шақырудан және әскери міндеттерін орындаудан босату туралы шешімдерге бақылау күшейтілді. Енді аудандық және қалалық шақыру комиссияларының мұндай шешімдері облыстық комиссиялардың міндетті тексеруіне жатады. Ол үшін облыстық комиссияға есепке алу карталары, медициналық куәландыру материалдары және әскерге шақырылушыларды тексеру нәтижелері жіберілетін болады.

Тексеру қорытындысы бойынша облыстық медициналық комиссия қабылданған шешімді растайды не азаматты қайта медициналық куәландыруға жібереді. Бұзушылықтар анықталған кезде облыстық шақыру комиссиясы аудандық комиссияның шақырудан босату туралы шешімінің күшін жоюға құқылы.

Бұдан басқа, облыстық комиссиялар азаматтардың шағымдарын қарауға, әскери қызметтен кейінге қалдыру мен босатудың дұрыстығын бақылауға, сондай-ақ аудандық шақыру комиссияларының қызметіне басшылықты жүзеге асыруға өкілеттік алды.

Құжатта облыстық комиссия бақылау медициналық қарап-тексеру қорытындысы бойынша қабылдайтын шешімдер айқындалған. Жарамдылық санатына қарай азамат әскери қызметке шақырылуы, кейінге қалдырылуы, әскерге шақырудан босатылуы не әскери есептен шығарыла отырып, әскери міндетін атқарудан толық босатылуы мүмкін.

Жаңа Қағидаларда облыстық шақыру комиссияларының барлық шешімдері электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде электрондық түрде ресімделетіні көзделген. Жүйеге кіру немесе техникалық ақаулар болмаған жағдайда хаттамалар қағаз тасығышта жүргізілетін болады.

Сондай-ақ облыстық комиссиялардың шешімдерін қайта қарау үшін негіздер айқындалды. Оларға прокурорлық ден қою актілері, сот шешімдері, азаматтардың шағымдары, сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты уәкілетті органдардың жекелеген бұйрықтары жатады.

Тағы бір жаңалық наркологиялық тестілеудің оң нәтижесі бар азаматтарға қатысты. Облыстық шақыру комиссиясының шешімі бойынша олар наркологиялық диспансерге қосымша тексеруге жіберілетін болады.

Түзетулермен сондай-ақ әскери жиындарды ұйымдастыру, әскери командаларды қалыптастыру кезінде Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесін пайдалану мәселелері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары бастықтарының жалпы немесе ішінара жұмылдыруды өткізу туралы бұйрықтар шығару тәртібі реттелді.

Сонымен қатар, шақыру комиссияларының құрамы нақтыланды. Оларға төраға ретінде әкімнің орынбасары, жергілікті әскери басқару органының басшысы, ішкі істер органдарының өкілі, медициналық комиссияның төрағасы және хатшы кіреді. Бұл ретте облыстық, астаналық және Республикалық маңызы бар қалалар комиссияларының құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органы басшысының орынбасары енгізіледі.

Қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде