#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
22 маусым
21 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(452)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Қазақстанда цифрлық зияткерлік электр желілерінің жобасы пысықталуда

Қазақстанда цифрлық зияткерлік электр желілерінің жобасы пысықталуда Фото: ҚР Энергетика министрлігі
«Казинформ»

Энергетика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп цифрлық зияткерлік электр желілерін дамыту және электр энергиясына сұранысты басқару тетіктерін енгізу жөніндегі жобалық бастаманы пысықтауға кірісті, деп хабарлайды kazinform. 

Астанада Энергетика министрлігі, БҰҰДБ, "KEGOC" АҚ, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің, сондай-ақ халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен жұмыс кездесулері өтті. Іс-шара "сұранысты басқару" (Demand-driven Digital Smart Grids) бірлескен жобасын дайындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты заманауи цифрлық технологиялар мен сұранысты басқару құралдарын енгізу есебінен Қазақстанның электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Талқылау барысында жобаның негізгі элементтері, соның ішінде электр энергиясы нарығында агрегаторлар институтын дамыту, тұтынушылардың цифрлық бейіндерін қалыптастыру, тұтынушылардың сұранысты басқару бағдарламаларына қатысуы үшін экономикалық ынталандырулар жасау, деректерді өңдеу мен қорғаудың заманауи тетіктерін енгізу, сондай-ақ электр энергиясын белсенді тұтынушы тұжырымдамасын дамыту қаралды.

Осы тәсілдерді іске асыру энергия жүйесінің икемділігін арттыруға, ең жоғары тұтыну сағаттарында жүктемені азайтуға, жаңартылатын энергия көздерін, энергияны сақтау жүйелерін және басқа да заманауи энергетикалық технологияларды неғұрлым тиімді интеграциялауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігі Зияткерлік желілерді дамытуды және электр энергетикасын цифрландыруды саланы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастыруда. Жоба сонымен қатар энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және энергетика секторының кибер тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін болады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасын цифрлық трансформациялау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз болатын жобалық құжатты дайындау бойынша одан әрі қадамдарды айқындады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде