#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
17 маусым
16 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(447)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Қазақстанда есірткі мен психотроптық заттарға квоталар бекітілді

Қазақстанда есірткі мен психотроптық заттарға квоталар бекітілді Сурет: Depositphotos
«Казинформ»

Қазақстан Үкіметі 2026 жылға арналған есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квотаны бекітті, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

15 маусымдағы тиісті қаулымен келесі жылға заңды тұлғалар үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың қажеттілігін есептеу бекітілді.

Құжатта айтылғандай, квоталар медициналық, ғылыми-зерттеу, оқу және өндірістік мақсаттарда пайдалануға арналған.

Есірткі құралдарының тізбесі 24-тен 30-ға дейін кеңейтілді. Оған героин, кодеин, метадон, морфин, кокаин және барбитал кірді.

Психотроптық заттардың тізімі 51-ден 87-ге дейін ұлғайтылды. Олардың ішінде амфетамин, бупренорфин, диазепам, клоназепам, оксазепам, нозепам және фенобарбитал бар.

Сондай-ақ, сірке қышқылы ангидриді, ацетон, тұз және күкірт қышқылдары, толуол, эфедрин және басқа заттарды қамтитын 14 прекурсордың тізімі бекітілді. Тізімге тетрагидрофуран қосымша енгізілген.

Қаулы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде