#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
11 маусым
10 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(435)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Пациенттер үйге жақынырақ емделеді: өңірлерде жаңа бейінді бөлімшелер ашылады

Пациенттер үйге жақынырақ емделеді: өңірлерде жаңа бейінді бөлімшелер ашылады Сурет: ekaraganda.kz
BAQ.KZ

Қазақстанда сұранысқа ие медициналық бейіндер бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BAQ.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа бөлімшелер ересектер арасында да, балалар арасында да қажеттілігі жоғары бағыттар бойынша құрылған: ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, нефрология және кардиология.

Жоба денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда және өңірлердің тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Барлығы мастер-жоспарларда 19 облыстық көпбейінді ауруханада, 15 облыстық балалар ауруханасында және еліміздің 19 перинаталдық орталығында 2700 төсекке арналған 55 жаңа бөлімше ашу көзделген.

Бүгінгі таңда 7 ревматологиялық бөлімше, 4 пульмонологиялық, 6 гастроэнтерологиялық, 2 гематологиялық, 3 эндокринологиялық, 2 нефрологиялық және 2 Кардиологиялық бөлімше ашылды.

Облыстық балалар ауруханаларында 302 төсекке 22 бөлімше ашу көзделген, оның ішінде 168 төсекке 9 бөлімше ашылды. Оның ішінде пульмонологиялық, неврологиялық, оториноларингологиялық, оңалту, травматологиялық және паллиативтік көмекті кеңейту жоспарлануда.

2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің облыстық және қалалық стационарларында 59 895 пациент емделді. Бұл ретте облыстық деңгейдегі стационарларда ем алған пациенттердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1337 адамға артты.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде