#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
11 маусым
10 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(435)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Тоқаев арнайы мемлекеттік органдар, кедендік транзит және салық салу туралы Заңдарға қол қойды

Тоқаев арнайы мемлекеттік органдар, кедендік транзит және салық салу туралы Заңдарға қол қойды Фото: Ақорда
BAQ.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы органдардың қызметі, кедендік транзит және Оманмен салықтық ынтымақтастық туралы бірқатар заңдарға қол қойды, деп жазады BAQ.kz

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Президент "Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы"Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде