#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
04 маусым
03 маусым

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(419)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1401)

Тексеру қорытындысы бойынша 600-ден астам қауіпті нысан тоқтатылды

Тексеру қорытындысы бойынша 600-ден астам қауіпті нысан тоқтатылды Сурет: ekaraganda.kz (нейрондық желі арқылы жасалған)
BAQ.KZ

5 айда 10 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік бұзушылықтары анықталды. Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 500-ден астам қызметкер жауапқа тартылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов Үкімет отырысында BAQ.KZ

"Ағымдағы жылдың 5 айында кәсіпорындар өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп тексерілді, 10 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке түрлі буындағы 523 қызметкер тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн. теңгеден 62 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар үшін 600 - ден астам нысандар мен техникалық құрылғылар тоқтатылды", - деді Аринов.

Министр сонымен бірге жекелеген кәсіпорындар енгізілген шектеулерді елемейтінін және төтенше жағдайлардың ықтималдығын арттыра отырып, жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

"Осыған байланысты, біз жосықсыз иелеріне қатысты қосымша шаралар қабылдаймыз", - деп толықтырды министр.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде