#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 мамыр
11 мамыр

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(363)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1398)

Қазақстандықтар құрбан айтта онлайн құрбандық шала алады

Қазақстандықтар құрбан айтта онлайн құрбандық шала алады Фото: Мұхтор Холдорбеков
«Казинформ»

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қашықтық форматта құрбандық шалу рәсімін өткізуге арналған сайтты іске қосты, деп хабарлайды kazinform агенттігі. 

"Мұсылман үммасының қасиетті мерекесіне орай барша қазақстандықтарды Құрбан айт күндері өтетін қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Халықтың, әсіресе ірі қалалардың тұрғындарының ыңғайлылығы үшін биылғы жылы құрбандық шалу офлайн және онлайн форматта да жүзеге асырылатын болады", — деп атап өтті ҚМДБ. 

Айта кету керек, онлайн режимінде құрбандық шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық шалатын жануарды таңдап, Kaspi QR көмегімен қажетті қаражатты аудара алады. Қой немесе ешкіні бір адам құрбандыққа шалуы мүмкін, ал ірі қара немесе түйені бір немесе жеті адам бірге құрбан етуі мүмкін. Тапсырысты сәтті рәсімдеген жағдайда сіздің ұялы телефоныңызға СМС-хабарлама келеді. Рәсім аяқталғаннан кейін фото және бейне есеп Тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде