#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
25 сәуір
24 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(327)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1397)

Қазақстанда сот-медициналық сараптамалардың ережелері мен мерзімдері қайта қаралады

Қазақстанда сот-медициналық сараптамалардың ережелері мен мерзімдері қайта қаралады Сурет: Виктор Федюнин
«Казинформ»

Елімізде сот сараптамаларын жүргізу ережелерін және сот-сараптама органдарының жұмысын жаңарту жоспарлануда, деп хабарлайды kazinform агенттігі.  

Әділет министрлігі Сот сараптамасы саласын реттейтін бірқатар қолданыстағы бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірледі. Әңгіме сараптама түрлері мен сараптама мамандықтарының тізбесін, сот сарапшыларының жүктеме нормаларын, сондай-ақ сараптамалардың күрделілігін айқындау қағидаларын және оларды жүргізу мерзімдерін түзету туралы болып отыр.

Сондай-ақ сараптама жүргізу үшін арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын талаптарды және сараптамалық зерттеулерді ұйымдастыру қағидаларын жаңарту ұсынылады.

Атап өтілгендей, өзгерістер сот-сараптама қызметін жетілдіруге бағытталған.

Құжат жобасы жария талқылауға шығарылды және ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін қарауға қолжетімді болады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде