#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
20 сәуір
19 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(320)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1397)

ІІМ: автомектептерде бұзушылықтарға байланысты оқу топтарын дайындау тоқтатылды

ІІМ: автомектептерде бұзушылықтарға байланысты оқу топтарын дайындау тоқтатылды Сурет: ekaraganda.kz
polisia.kz

ІІМ аумақтық бөлімшелері автомектептердің қызметін тексеруді ұйымдастырды. Қазіргі уақытта жүргізушілерді даярлауды 727 автомектеп жүзеге асырады, деп хабарлайды Polisia.kz

Тексеру нәтижелері бойынша автодромдарда қажетті жол белгілерінің, таңбалаудың, жарықтандырудың болмауына, көлік құралдарының ақаулығына байланысты кемшіліктерді жоюға 20 ұйғарым берілді.

Сонымен қатар, жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды.

Нәтижесінде, бүгінгі күні ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 оқу тобын даярлауды тоқтатты.

Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу "Автомектеп"АЖ жүзеге асырылады. "Автомектеп" АЖ көмегімен нақты уақыт режимінде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады.

Сонымен қатар, оқу ұйымдарының қызметіне бақылауды одан әрі күшейту мақсатында автомектептерді ашудың хабарламалық тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшуді, сондай-ақ олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тетіктерін енгізуді көздейтін "жол қозғалысы туралы" заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасы әзірленді.

Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде