#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 сәуір
11 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(296)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

ІІМ курсанттары дрондарды басқаруға үйретіледі

ІІМ курсанттары дрондарды басқаруға үйретіледі Бейне Кадр
24.kz

Қарағандыда Ішкі істер министрлігі академиясының курсанттарын ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға және олардың техникалық ақауларын жоюға үйретеді, деп хабарлайды "24KZ". 

Ол үшін заманауи ғылыми зертхана ашылды. Бір уақытта 250 адам оқудан өтеді. Сабақтарды дрондарды басқару бойынша арнайы курстарды бітірген курсанттар жүргізеді. Олар алған білімдерін кейінгі жұмыстарында қолдана алады. Дрондардың көмегімен полицейлер құқық бұзушылықтарды тіркейді, әуе мониторингін жүргізеді, ауқымды операцияларға қатысады және қылмыстарды жедел ашады.

Бақтияр Смағұлов, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары:

- Ведомствоны цифрландыру бойынша тапсырмаларды іске асыру шеңберінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану бойынша ғылыми зертхана жұмыс істейді. Курсанттарға пилоттық техника үйретіледі. Дрондар қылмыс орындарын тексеру, адамдарды іздеу, сондай-ақ азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдеу кезінде қолданылады. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде