#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 сәуір
11 сәуір

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(296)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1396)

Қазақстанда ТЖ-дан кейін аграршыларға өтемақы жүйесі жаңартылады

Қазақстанда ТЖ-дан кейін аграршыларға өтемақы жүйесі жаңартылады Фото: экараганда
«Казинформ»

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazinform агенттігі

Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойды. Құжат 2024 жылдан бастап қолданыстағы ережелерді жаңартады және өтінімдерді беру, комиссиялардың жұмысы және зардап шеккендердің тізімін қалыптастыру тәртібін нақтылайды. Өзгерістер 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап күшіне енеді.
 
Енді өсімдік шаруашылығындағы залалды өтеуге өтінімдер төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде, мал шаруашылығында — күнтізбелік 60 күн ішінде қабылданады.
 
Құжаттарды қабылдауды бастау туралы хабарландыруда:
 
  • жергілікті атқарушы органның деректері және оның байланыстары;
  • өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері;
  • қажетті құжаттар тізімі;
  • өтініштерді қарау жөніндегі комиссия отырысының күні, уақыты және орны.
 
Егістер мен тұқым қоймаларын зерттегеннен кейін комиссия зардап шеккен шаруашылықтардың тізбесін қалыптастырады және оны жұмыс органына жібереді. Шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бұл тізім жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
 
Бұдан әрі жұмыс органы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бағыттары бойынша зардап шеккендердің жиынтық тізбесін қалыптастырады және оларды қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдау үшін әкімдіктерге жібереді.

Бұдан басқа, өтініштердің, Егістер мен жануарларды тексеру актілерінің нысандары, сондай-ақ әкімшілік нысандарды толтыру тәртібі жаңартылды. Сондай-ақ құжаттарға қойылатын талаптар мен комиссиялардың, жұмыс органдарының және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде